Діни ағымның ұстанушысы педофил деген күдікке ілінді

Діни ағымның ұстанушысы педофил деген күдікке ілінді
Сурет: Vogazeta.ru

Ол ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген.

Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген “Таблиги Джамаат” діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды», - делінген полицияның мәліметінде.

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.