Бүгіннен бастап Алатау ауданының кей бөлігінде ыстық су болмайды

Бүгіннен бастап Алатау ауданының кей бөлігінде ыстық су болмайды
Сурет: Алау ТВ

«Алматы жылу жүйесі» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Алматы қаласының Алатау ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір аптаға ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы 18-26 тамыз аралығында Алатау ауданының аумағындағы Арқалық – БАҚ – Б.Момышұлы көшелерінің контурларында орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды», делінген «Алматы жылу жүйесі» компаниясы таратқан мәліметте.

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.