Қазақстанда саусақ ізін ерікті түрде тапсыру туралы заңға қол қойылды

Қазақстанда саусақ ізін ерікті түрде тапсыру туралы заңға қол қойылды
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын Қазақстан президентінің бірнеше заңға қол қойғанын хабарлағанбыз.

Атап айтқанда, президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдейтін азаматтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттеу туралы бастаманы заңнан алып тастаған болатын. «Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылаған депутаттар осындай шешім қабылдаған.