Алматы мен Милан арасында тікелей қатынайтын рейс ашылады

Алматы мен Милан арасында тікелей қатынайтын рейс ашылады
Сурет: Aif.ru

Қазақстан мен Италияның екі ірі қаласы – Алматы мен Милан тікелей тұрақты рейспен байланыстырылады.

Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти Қазақстан мен Италия арасында тікелей әуе рейсінің ашылатын күні туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Мамыр айының соңында Алматы мен Милан арасында тұрақты әуе қатынасы орнатылады. Милан – Алматы – Милан тікелей рейсін 2022 жылдың мамыр айының соңынан бастап итальяндық жеке лоукостер әуе компаниясы тұрақты негізде орындайды. Қазақстандықтар туристік визаға қайтадан елшілікке жүгіне алады. Италияға кіру үшін сізге тек ПТР тесті қажет. Вакциналау паспортына міндетті талаптар жоқ. Байқаймын, Алматы мен Милан көп жағынан ұқсас. Бұл екі қала - өз елдерінде бейресми мәдениет, сән, бизнес астаналары. Екі мегаполис арасындағы ынтымақтастық осы рейстің ашылуымен тек жандана түседі», -  деді Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти.