Алматыда камералардың көмегімен 800 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Қалада бейнекамералардың көмегімен 1,5 мың қылмыс ашылып, 800 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, жаңа технологиялар қылмысты азайтуға оң әсерін тигізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Жедел басқару орталығына қосылған 12 мың камераның көмегімен өткен жылы 1,5 мың қылмыс ашылды, 800 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Қала әкімінің қолдауымен биыл тағы 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылады. Олардың көпшілігі аулаларды, саябақтарды, алаңдарды және басқа да адамдар жаппай шоғырланатын орындарды қамтиды», – деді Қ.Таймерденов.