Еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ болады
Сурет: интернеттен

Ауа райына байланысты ескерту жасалды.

"Қазгидромет" 24 желтоқсанда елдің 16 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атырау облысының басым бөлігінде тұман, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады,15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, екпіні таулы аудандарында 15-20 м/с болады.