Қазақстанда "Саржа" көп функционалды теңіз терминалы пайда болуы мүмкін

Қазақстанда "Саржа" көп функционалды теңіз терминалы пайда болуы мүмкін
Сурет: Qazaqtv.com

Оны Құрық портында салу жоспарлануда.

Маңғыстау облысы әкімдігінің дерегінше, 2030 жылға дейін оған құйылатын инвестицияның көлемі 100 миллиард теңгені құрамақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ал қараша айында теміржол және инженерлік инфрақұрылым, бас жүктер терминалының I кезегі және жүк айлағының құрылысын аяқталау көзделген.

Нәтижесінде үстіміздегі жылда қазақстандық және транзиттік тауарлардың қосымша көлемін жүктеу басталады. Бұған қоса, Құрық портында бидай және майлы дақылдарды тиеуге арналған заманауи астық терминалын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобаның құны 4 миллиард теңге. Жалпы, биыл теңіз портының өндірістік қуаты бір жарым миллион тоннаны құрады.