Алматы полициясы қалта ұрлығымен айналысқан ұрыны ұстады

Алматы полициясы қалта ұрлығымен айналысқан ұрыны ұстады
Сурет: Life.ru

Ұсталған Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны.

Алматы полициясы қалта ұрлығымен айналысқан тараздықты ұстады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұған дейін бірнеше рет сотталған К. есімді азамат қаланың Алмалы ауданындағы аялдамада қалта ұрлығын жасаған жерінен ұсталды. Қыздың қалтасынан Samsung телефонын шығарып алған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушінің арызы негізінде Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктінің Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Жедел деректерге сәйкес, К. есімді азамат шаһарға кезеңмен келіп кетіп жүрген: қылмыс жасағаннан кейін, әдетте, үйіне кетіп қалатын. Біз күдіктінің сыбайластарын міндетті түрде анықтаймыз», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.