Алмалы ауданында су құбыры жарылды

Алмалы ауданында су құбыры жарылды
Сурет: Inform.kz

Алмалы ауданында жарылған құбырдан су жоғары қарай атқылаған.

Оныңвидеосы әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылды. Оқиға болған жерде апатты қалпына келтіру қызметі жұмыс істеуде. Мамандар апатты жоюмен айналысуда. Су басып қалуды жою үшін мотопомпалар жіберілді. Толық ақпарат кейінірек беріледі»,- деді Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.