Қазақстанда сары ауруға шалдыққандар көбейді

Қазақстанда сары ауруға шалдыққандар көбейді
Сурет: gov.kz

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

А вирустық гепатитінің берілу жолдары

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. 

А вирустық гепатиті ауруының белгілері

Аурудың белгілері – дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу. 

Инкубациялық кезең – 14-тен 35 күнге дейін.
А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

Вакцинациялау А вирустық гепатитінен қорғайды

Вакцинациялауға жатады:

екі жастағы балалар;

инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

Гепатит инфекциясынан қалай сақтануға болады:

тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

шық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.