Алматыда жаңа заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Алматыда жаңа заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында  Төтенше жағдайлар  вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Алматы қаласының ТЖД-на сілтеме жасап.


Іс-шараға ТЖД Алматы гарнизонының жеке құрамы және арнайы шақырылған азаматтық қорғау саласының ардагерлері қатысты.



«Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлына төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелеріне қосқан елеулі үлесі үшін жеке алғысымды білдіремін. Өз кезегінде қызметкерлерден қойылған міндеттерді үлгілі орындауды және сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпты қарауды сұраймын», - деп атап өтті вице-министр Ерлан Нұрпейісов.




Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған ауданы 2,5 мың шаршы метрден асатын жаңа өрт депосы 4 шығуға есептелген-ТЖ-ға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл қала халқының қорғалуын арттырады.


Жалпы халық саны 45 мыңнан астам адам және 146 шаруашылық субъектісі бар «Қазақфильм», «Нұр-Алатау», «Нұрлытау», «Бағанашыл», «Ерменсай», «Мирас» және «Аққайың» шағын аудандарының тұрғындары өрттен қорғаумен қамтамасыз етіледі.



«Штат саны-шамамен 70 адам. Жаңа депода жеке құрамды орналастыруға және күнделікті қызметті қамтамасыз етуге арналған үй-жайлар, сондай-ақ тренажер спорт залы қарастырылған. Өрт сөндіру бөлімінің қарулануында - ауданның талаптарын ескере отырып таңдалған 6 бірлік өрт техникасы – тау бөктеріндегі жер және тар жолдар. Бұл 5 тоннадан тұратын төрт өрт сөндіру автоцистернасы және «Тойота Хайлюкс», «Газ Валдай» жедел әрекет ететін екі автомобиль», - деді Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.



Кәсіби дайындықты ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ бар. Соңғы қабаттарда гарнизон қызметкерлері үшін  жайлы 3 пәтер қарастырылған.




  • Бүгінгі таңда қаланың қауіпсіздік күзетінде өртке қарсы қызметтің 20 бөлімшесі бар.

  • Мегаполисте тағы үш өрт сендіру  депосын салу қарастырылуда.

  • Олар Түрксіб ауданының (Шығыс қақапасы ш/а), Наурызбай  ауданының ( Шұғыла, Қарағайлы  ш/а)  салынады.

  • Әкімдіктің қолдауымен Алматы гарнизоны жыл сайын арнайы және қосалқы мақсаттағы жаңа автомобильдермен толықтырылуда.

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение