Криптовалютамен алаяқтық жасаған қазақстандықтар Испанияда ұсталды

Криптовалютамен алаяқтық жасаған қазақстандықтар Испанияда ұсталды
Сурет: Liter.kz

Испанияның Азаматтық гвардиясы қылмыстық топтың жолын кесті.

Оларға криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұйымдасқан топтың 12 мүшесі ұсталды. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған. Олар Испанияның провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.