Қазақстанда Президент сайлауы әділ өтті - Борис Жапаров

Қазақстанда Президент сайлауы әділ өтті - Борис Жапаров
Сурет: Qazaqstan.tv

Қазақстанда Президент сайлауы әділ өтті.

Сайлауға бағасын берген Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров ел, халық, ұлт болып бірігіп, Президентті қолдап, мақсатқа жетуге ұмтылатынына сенеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстанда Президент сайлауы әділ өтті. Таза жеңіспен 82,5 пайызбен Қасым-Жомарт Тоқаев 7 жылға еліміздің Президенті болып сайланды. Түбегейлі реформа жасау: саяси, құқықтық, сот жүйесі, экономикалық мәселелер, сыбайлас жемқорлықты жеңудегі мақсат – бәрі бір күнде жасалатын мәселе емес. Соңғы отыз жылда қордаланып қалған мәселелерді жедел, бірінен соң бірін шешіп, елімізді дамыту, жасампаздық жолына көшіру – мақсаты. Сондықтан оңай болады деп ойламаймыз. Бірақ ел, халық, ұлт болып бірігіп, Президентті қолдап, сол мақсатқа жетуге ұмтылады деп сенем»,– деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров.