Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды

Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қылмыстық іс үш бап бойынша тергеліп жатыр

Алматы облысының Есік қаласындағы атысқа қатысы бар тағы 2 күдікті ұсталды деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Барлығы үш күдікті ұсталған. Олар 1999 және 1992 жылы туған азаматтар. Үшеуі де қамауға алынды», – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қылмыстық іс үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) тергеліп жатыр.

Еске салайық, шілденің 22-інен 23-іне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданның Есік қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Кейін оның бірі көз жұмды.

25 шілде күні қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталған болатын.