Алматыда мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус іске қосылуы мүмкін

Алматыда мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус іске қосылуы мүмкін
Сурет: Almaty. tv

1-4 сынып оқушылары іріктеледі

Биыл Алматының 4 ауданында мектеп оқушыларын тасымалдайтын арнайы автобустар пилоттық режимде іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

Аталмыш қызмет Бостандық ауданындағы 1-4  сынып оқушыларына көрсетіледі.  1400-ден аса бала тасымалданады деп жоспарлап отыр. Оқушылар қалай іріктеледі? Аудандағы мектептерде оқушы орны тапшылығы бар ма? Осы және өзге де сауалдарға Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек жауап береді. Толығырақ төмендегі сілтемеден көре аласыздар.