Дулат Исабеков: Сайлау дұрыс әрі әділ өтті

Дулат Исабеков: Сайлау дұрыс әрі әділ өтті
Сурет: Zhasalash.kz

Белгілі жазушы Дулат Исабеков сайлауда халық дұрыс жолды таңдап, ел жаңа дәуірге қадам басқанын атап өтті.

Оның айтуынша, науқан нәтижесі қоғамның әділ Қазақстанды құруға ынталы екенін көрсетті. Жаңа Президент енді нақты өзгерістерге барып, жаңа идеяларды жүзеге асыратын жаңа кадрларды жасақтайтынына сенеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл жолғы сайлауға көп адам қатысты. Үйдегілер, кәмелетке толғандар толық дауыс берді. Сайлау дұрыс әрі әділ өтті. Жаңа 7 жылдық дәуір – Қазақстан үшін өте күрделі кезең. Президент үшін де ең жауапты мерзім болайын деп тұр. Бұл адам өзіне толық билік тигеннен кейін радикалды өзгерістерге барады деп отырмын. Әсіресе, кадр мәселесі. Бұрынғы кадрлардан құтылып, жаңаша ойлайтын, жаңа Қазақстан деген идеяны жүзеге асыратын жаңа кадрлар керек. Қазақ халқының да, жаңа сайланған Президенттің де мерейі үстем болсын! Халқымен бірге бола берсін!» – деді жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков.