Қазақстанда кітаптар 17 пайызға жуық қымбаттады

Қазақстанда кітаптар 17 пайызға жуық қымбаттады
Сурет: Eksmo.ru

Республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді.

2022 жылғы қарашада Қазақстанда, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда, кітаптар 16,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазТАГ сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, кітап бағасы Ақмола облысында  қатты өскен – 43,4%. Сонымен қатар ең жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді. Айта кетейік, республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді.