Президент Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Президент Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады
ru.sputnik.kz

Бибісара шахмат кезекті жеңісіне қол жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бұл керемет жетістік барша қазақстандықтар, әсіресе, шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!» - делінген құттықтауда.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің әлеуметтік желісінде жазды.