Қазақстанда картоп импорты екі есе қысқарды

Қазақстанда картоп импорты екі есе қысқарды
Сурет: Atameken.kz

Ал экспорт 18,5%-ға өсті.

Қазақстанда картоп импорты 51,6%-ға төмендеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz деді Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Мысалы, 2021 жылы 97,6 мың тонна картоп импортталған болса, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған.

Картоп экспорты 18,5%-ға өсті. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна картоп экспортталған.

2022 жылы картоптың жалпы түсімі 40 804 697,5 центнерді немесе 4,1 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірді. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесі өткен жылы 1,9 млн тоннаны құрады.

Өткен жылы барлық санаттағы шаруашылықтардағы картоп егіс көлемі 198,8 мың гектарды құрады.