Қазақстанда екі университеттің атауы өзгереді

Қазақстанда екі университеттің атауы өзгереді
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ-ны »Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ деп атау ұсынылып отыр. Сонымен қатар университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған университетке Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының мәртебесін арттыруға мүмкінді береді.

Сондай-ақ «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ атауының транскрипциясы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ болып өзгереді.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.