Офицерлер үйінің жертөлесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Офицерлер үйінің жертөлесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта ғимараттың шатырына және Офицерлер үйінің жертөлесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (жалпы алаңы - 5,5 мың шаршы метр).


Видеороликте көрсетілген плиталар туралы ақпарат туралы келесіні хабарлаймыз. Плиталар жерасты бөлмеде орналасқан (алаңы шамамен 200 шаршы метр). Олар гидрооқшаулау үшін алынған еді. Жұмыс аяқталғаннан соң плиталар орнына қайта қойылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Офицерлер үйінің жөндеу жұмысына Алматы әкімдігінің қатысы жоқ.


Плиталарды жасыл желектердің астына орнатқан мердігер ұйымға абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 
 
 "Ғимарат пен жертөленің шартынан соңғы 5 жылда су өтіп кетеді. Офицерлер үйі - сәулет ескерткіші, ғимаратта   әскери-тарихи музей  орналасқан. Осыған байланысты шатырды жеке қаражат есебінен күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда", - деп хабарлады Медеу ауданының әкімдігі.  
 
Анықтама үшін: Офицерлер үйі Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан ГАЖ Орталығы" АҚ балансында. Жұмыстар "Фридом Финанс" ЖШС қаржысы есебінен жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23