Офицерлер үйінің жөндеу жұмысына Алматы әкімдігінің қатысы жоқ

Офицерлер үйінің жөндеу жұмысына Алматы әкімдігінің қатысы жоқ Сурет ашық дерек көзінен алынды

Офицерлер үйін жөндеуге және плиткалардың алынып тасталғанына Алматы әкімдігінің ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің пікірі:_


Мен 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябағының шығыс жағында орналасқан Офицерлер үйі ғимаратының алдындағы бөлшектелген плиткаларға қатысты әлеуметтік желілердегі видеоларға түсініктеме бергім келеді. 


Айта кетерлігі, Алматы қаласының әкімдігі бұл ғимараттың теңгерім ұстаушысы емес, ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының меншігінде. Тіпті, әкімдік жүріп жатқан жұмыстарға тапсырыс беруші де емес.


Сонымен қатар, біз бастапқыда жоспарланған жөндеу туралы Офицерлер үйінің ғимаратына қарайтын жертөле шатырында жүріп жатқан ағымдағы жұмыстар туралы білеміз. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң плиткаларды қайта орындарына қою жоспарланған.


Оның жасыл аймаққа ұқыпсыз қойылуына байланысты бүгін мердігерлік ұйымға әкімшілік айыппұл салынды. Енді оны жаяу жүргіншілер бөлігіне мұқият ауыстырып, алдағы күндері оны төсеуге кіріседі. 


Барлық алматылықтарға айтарым, мұндай бейнеүндеулерді жарияламас бұрын, жүріп жатқан жұмыстар туралы шынайы ақпарат алу үшін әкімдікке хабарласуды өтінемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42