Қазақстанда баспана бағасы өсті

Қазақстанда баспана бағасы өсті
Сурет: ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан 2022 жылғы ақпанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімі:

  • Семей – 41%;
  • Қызылорда – 39,9%;
  • Ақтөбе – 36,9%;
  • Ақтау – 35,4%;
  • Қостанай – 30,9%.
  • Тұрғын үйді жалға алу бойынша:

    • Көкшетау – 53,7%;
    • Қостанай – 51,9%;
    • Алматы – 49,6%;
    • Петропавл – 49,3%.

    Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.

    Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.