Қазақстанда азық-түлік тауарлары мен шикізат қоры жеткілікті

Қазақстанда азық-түлік тауарлары мен шикізат қоры жеткілікті
Сурет: 24.kz.

1,5 млн тонна ӘМАТ және 6,7 млн тонна азық-түлік бидайының қоры бар.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмысы туралы және оның тұрақты түрде жүргізілетіні туралы хабардар етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Республика отандық өндіріс есебінен нан, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майлары, картоп және көкөніс өнімдері, ет, қарақұмық жармасы, күріш, сүт және сүт өнімдері және тағы басқа азық-түлік тауарларының қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген»,- делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлердің тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қажетті қорлары қалыптастырылды.

Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселелері тұрақты бақылауда.

Атап айтқанда, жедел деректер бойынша республика бойынша ағымдағы жылдың 4 наурызына 1,5 млн тонна ӘМАТ және 6,7 млн тонна азық-түлік бидайының  қоры бар.

Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. Жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.