Қазақстандық мамандар Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын қайтаруға әрекеттеніп жатыр

Қазақстандық мамандар Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын қайтаруға әрекеттеніп жатыр
Сурет: Gazeta.ru

Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде.

Соғыс жүріп жатқан Украинада Қазақстанның жүк вагондары қалып қойған. Қазіргі кезде мамандар осы вагондарды елде қайтару үшін әрекеттеніп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 5 наурыздағы деректер бойынша, Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1000-нан астам жүк вагоны тұрып қалды.

Сонымен қатар, Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған. Оның ішінде 371 вагон кеше басқа бағыттарға жіберілді.

«Халықаралық тасымалдауда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан "жедел желі" ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.