Жас аралығында шектеу жоқ

Жас аралығында шектеу  жоқ Сурет: Қайрат ҚОНЫСБАЙ

«TARTYL FEST» республикалық спорт фестивалінің қатысушыларының көңіл күйі тамаша. Ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдіруде. Сондай-ақ спорттық шаралардың көбірек ұйымдастырылуы тұрғындардың да денсаулығына пайдасын тигізетінін атап өтті.



«Идея – Нұрлан Қоянбаев ағамыздікі. Бізде бұл бастамаға қолдау білдіріп әлеуметтік желіде маңызын, қала тұрғындарына пайдалы тұстарын насихаттаған едік. Қарап отырсаңыздар жарысқа ұзақ дайындық, арнайы бапкердің де қажеті жоқ. Сол себептен осы спорт түрін республикалық деңгейде ұйымдастыруды жөн санадық. Тіпті жас аралығында да шектеу  жоқ. Жарысқа қатысушылардың ең кішкентайы 5 жаста болса, үлкені 70-ті алқамдаған ағаларымыз бар. Бірінші рет ұйымдастырылып отырса да 500-ден астам адам онлайн, оффлайн форматта тіркелген. Алдағы уақытта еліміздің 20 қаласында осы іс-шараны ұйымдастыруды қолға алмақпыз. Қорытындылай келсек, 60 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда»,–дейді ұйымдастырушы, «Rin'Go» тобыныңың әншісі Аян Бірбаев.



Жарысқа қызықандары соншалықты 8 жасар баласын ертіп келеген ата-аналарды да көзіміз шалды.




«Фестильдің өтетінін кеше ғана естідік. Қайта тіркеліп үлгердік. Баламмен спортпен айналысып жүргендіктен оған сенімді болдым. 19 рет тартылды. Бұл да жаман көрсеткіш емес. Алдағы уақытта турникке тартылып жаттығатын боламыз. Ұлыма да өзіме де бүгінгі спорттық шара көңілімізден шықты. Бұл барша қала тұрғындарына спортпен айналысудың қажет екенін ұғындырғандай болды»,–дейді ата-ана Жасұлан Досқаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05