Қазақстанда азық-түлік бағасы күннен-күнге шарықтап барады

Қазақстанда азық-түлік бағасы күннен-күнге шарықтап барады
Сурет: 7kun.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,6%-ға көтерілді.

Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», – делінген хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 14 ақпан/:

Сүт 2,5% – 353 тг/л

Қант – 459 тг/кг

Сәбіз – 152 тг/кг.

Елімізде  инфляция қарқыны үдей түсті. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы қаңтарда елдегі жылдық инфляция 20,7%-ды (2022 жылғы желтоқсанда – 20,3%) құрады. Өңірлер бойынша 19 облыста инфляция үдеп, тек 1 облыста ғана (Қарағанды ​​облысы) бәсеңдеген.