Қазақстанда 100 мың тонна алма шіріп кетуі мүмкін

Қазақстанда 100 мың тонна алма шіріп кетуі мүмкін
Сурет: Almaty.tv

Мемлекеттік органдар әзірге үнсіз.

Қазақстанда 100 мың тонна алма мемлекеттік органдардың батылсыздығынан шіріп кетуі мүмкін, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазТагқа сілтеме жасап.

«Өз алмамыздың шамамен тек 20%-ын немесе 50-55 тоннасын ғана сақтап қала аламыз. Ал қалған 200 мың тоннадан астамы қайда кетеді? Азғантай бөлігі қайта өңдеуге жіберіледі, бір бөлігі сатылады, қалғаны малға тасталады немесе шіріп кетеді. Шығын шамамен 100 мың тоннаны құрайды, ал бұл дегеніңіз төленбеген несие, төленбеген жалақы, шаруашылықтарды ұстауға қаржының жетіспеуі, төленбеген салықтар мен әлеуметтік төлемдер, ең бастысы – ауылда тұратындардың аз да болса әл-ауқатын көтеруге болар еді», - деп санайды фермер Болатбек Әлиев.

Басылым атап өткендей, статистикалық ақпарға сәйкес, былтыр жылына 350 мың тонна алма тұтынылған, оның 260 мыңы - жергілікті, 90 мың тонна алма – импорт өнімдері.

Бұл ретте биыл алманың рекордтық өнімі жиналады деп күтілуде.

«Орын алған жағдайдан шығудың жолы да, ол бойынша ұсыныстар да бар. Бірақ өкілетті органдар - СИМ және АШМ- әзірге үнсіз, былтыр да, оның алдыңғы жылы да солай үнсіз қалған», - дейді Болатбек Әлиев.