Қазақстан шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстан шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде тағы екі медаль жеңіп алды
Сурет: 24.kz

Бір «күміс», бір «қола» жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы Денис Никиша Американың Солт Лейк Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңінде екінші 500 метрде «күміс» жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада колмитетіне сілтеме жасап.

Әділ Ғалиахметовтің қоржынында 1000 метр қашықтықтан «қола» жүлдесі бар.

Ерлер құрамасы эстафетада құлауы салдарынан медальсіз қалды.

Бұған дейін Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Ситиде шорт-тректен Әлем кубогы екінші кезеңінде күміс жүлде алғаны хабарланған болатын.