Атырау облысында өлген жылқылардан аса қауіпті жұқпалы аурулар табылмады

Атырау облысында өлген жылқылардан аса қауіпті жұқпалы аурулар табылмады
inform.kz

Атырау облысының Исатай және Құрманғазы ауданында бірнеше жылқының белгісіз себептен өлгені анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Атырау облыстық коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшсы Амангелді Саламаттың айтуынша, олардың себебін анықтау үшін 25 наурыз күні жергілікті ветеринар мамандар сынама алып, Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа тапсырған. Аталған орталық жылқыларда инфекциялық анемия мен ринопневмония аурулары, яғни аса қауіпті жұқпалы аурулар болмағанын анықтады.

Ал ветеринария мамандары олардан паразитарлық ауру белгілеріне ұқсас жағдайды байқағандықтан, облыстық ветеринариялық зертханаға да паразитарлық ауруларды анықтау үшін сынама тапсырылды. Зерттеу нәтижесі шыққан соң қосымша жарияланады.

Малы ауырғанын хабарлаған бірнеше азаматтың жылқыларына қазіргі уақытта жергілікті жердегі ветеринар мамандары симптоматикалық жұмыстарын жүргізуде.

«Сондай-ақ облыс әкімдігі өңірге Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарын алдыруда. Олар ертең яғни 31 сәуір мен 2 сәуір аралығында аталған аудандарда сынама алып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді»,-делінген хабарламада.