Қазақстан Ресеймен бірінші орынға таласады

Қазақстан Ресеймен бірінші орынға таласады
Сурет: Elorda.info

Ел құрамасы  Даму кубогының финалына шықты

Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында жарыс иелері Беларусь футболшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуде соғылған жеңіс голының авторы – Ілияс Әбіл. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы турнирдегі екінші голын соқты.

Александр Кузнецов шәкірттері үш ойын қатарынан жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды. Топтық кезеңде барлық кездесуде жеңіске жетіп, қақпасына гол өткізбеген турнирдегі жалғыз команда екенін айта кеткен жөн. 

Біздің жасөспірімдер бірінші орынға Ресей U-17 құрамасымен таласады. Финал Астана уақытымен 11 ақпан күні 20:00-де басталады. 

Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 0:1 (0:0)

Гол: Әбіл 46.