Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Сурет видеодан алынды

Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті.
Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді.
Жалпы ІІМ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.