Қазақстан мен Ресей шекарасында 20 застава салынып жатыр

Қазақстан мен Ресей шекарасында 20 застава салынып жатыр
Сурет: интернеттен

50 застава салу жоспарланып отыр.

ҰҚК Шекара қызметі шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа шекара заставасын салып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында 50 застава салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Қазір Ресей Федерациясымен тікелей шекарада солтүстік бағытта 20 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Оңтүстік шекараларда үш модульдік застава салынуда. Еліміздің оңтүстік-батысында соңғы бес жылда модульдік типтегі 15 шекара заставасы пайдалануға берілді", - деді Ахметқалиев.