Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтеді

Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтеді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Матч 2022 жылдың 16 қарашасы күні Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өзбекстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Жаттықтырушылар штабы үшін көп мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Өзбекстанда сапалы футболшылар көп. Сол себепті, осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде үміт артатын футболшыларды бір тексеріп аламын деп ойлаймын. Өте қызықты ойын болады деп үміттенемін», - деп пікір білдірді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Бұған дейін екі елдің құрамалары алты рет кездесіп, Өзбекстан екі рет, Қазақстан бір рет жеңіске жеткен болатын. Үш ойын тең аяқталды.

ФИФА рейтингінде Өзбекстан құрамасы 77-орында тұр.