Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим күшіне енеді

Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим күшіне енеді
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ортақ келісімге сай, екі елдің азаматтары енді туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит сондай-ақ, іскерлік мақсаттар үшін визалық талаптардан босатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін виза талап етілмейді. Айта кетейік, қазір Қытай азаматтары Қазақстанға, ал Қазақстан азаматтары Қытайға 14 күнге визасыз келіп-кетіп жүр.