Қазақстан мен Гонконг құрамалары регбиден жартылай финалда бақ сынайды

Қазақстан мен Гонконг құрамалары  регбиден жартылай финалда бақ сынайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

23 мамырда Алматыда жоғары дивизионның әйелдер командалары арасында регбиден Азия чемпионатының жартылай финалы өтеді.

Жартылай финалда Қазақстан мен Гонконгтың ұлттық құрама командалары ойнап, жеңімпаз 28 мамырда өтетін чемпионат финалында Жапония құрамасына қарсы шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өтетін уақыты мен орны: 23 мамыр, сағат 15:40-та - ашылу салтанаты, сағат 16:00-де - Қазақстан-Гонконг матчы, спорттық-мәдени кешен, Абай даңғылы, 159

Аккредиттеу үшін байланыстар: Данияр Кәрімжан, регби федерациясының өкілі, 8-707-550-55-89