«Спутник V» «йота» штамына қарсы төтеп бере алады – Александр Гинцбург

«Спутник V» «йота» штамына қарсы төтеп бере алады – Александр Гинцбург
Сурет: Function.mil.ru

Ресми тіркелгеніне бір жыл толған ресейлік екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігін бұл препаратты қолданатын елдердегі көптеген зерттеулер растайды.

Адамзатты COVID-19 вирусынан құтқаруға арналған препараттың әзірленуіне басшылық жасаған әлемге әйгілі ғалым Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ғалымның айтуынша, бір жыл ішінде «Спутник V» өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. 

«АҚШ ғалымдарының айтуынша, «Спутник V» вакцинасы егде жастағы адамдар арасында көз жұму жағдайларының жоғарылауын тудыратын «йота» COVID-19 штамына қарсы төтеп бере алады. Ресейлік препарат коронавирустың кез-келген штамынан қорғай алады, - деді Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург.  

Александр Гинцбург SARS-CoV-2 жаңа штамдарының пайда болуы әрі қарай жалғасады, ал инфекциядан қорғанудың басты әдісі - вакцинация екенін атап өтті.

«Спутник» вакцинасы бір ғана конформациясы бар мРНҚ вакциналарына қарағанда бірнеше конформациялық жағдайда коронавирустың S-ақуызына жауап бере алатындығымен ерекшеленеді. «Спутник V» антигендік нұсқалардың өте көп санына біркелкі жауап береді, бұл оның басты артықшылықтарының бірі», – деп түсіндірді ғалым.