Спорт мектептері оқытушыларының жалақысын екі есе көтеру керек

Спорт мектептері оқытушыларының жалақысын екі есе көтеру керек
Сурет: Мixsport.pro

Қазақстандықтардың 31% ғана бұқаралық спортпен айналысады екен.

Вице-Премьер Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен Үкімет кеңесінде бұқаралық және балалар спортының мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мамандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын алдағы екі жылдың ішінде екі есе көтеру керек. Президент тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортпен айналысу көрсеткішін жыл соңына дейін 35%-ке жеткізу қажет. Осы мақсатта спорт нысандарын керек-жарақпен толық жабдықтау міндеті тұр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Токио олимпиадасынан сабақ алуымыз керек деген болатын.