Қазақстан мен Әзірбайжан теңізшілердің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Әзірбайжан теңізшілердің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қойды
Сурет: Baq.kz

Келісім болашақ теңізшілерді даярлау туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес әзірленді, оның «Ақ тізіміне» екі мемлекет те енгізілген.

2024 жылғы 11 наурызда Мемлекет басшысының Әзірбайжан Республикасына сапары барысында екі елдің Көлік министрлігі мен Цифрлық даму және көлік министрлігі арасында теңіз кемелері экипажы мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Келісімге қол қою Әзербайжан тарапының Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі беретін теңізшілердің кәсіби дипломдарын тануын қамтамасыз етіп, қазақстандық теңізшілерге Әзербайжан туы астында кемелерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.