Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінде Болгариямен кездеседі

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінде Болгариямен кездеседі
Сурет: Elorda.info

Болгарияны жеңсе, әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі. Осыған дейін қос құраманың жолдары тоқайласқан жоқ.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.