Қазақстан қоржынына 70-ші медаль түсті

Қазақстан қоржынына 70-ші медаль түсті
kazsports.kz

Мариан Урдабаева джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан әйелдер арасындағы 63 кг салмақта екі қазақ спортшысы күресіп, қола жүлдеге таласты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мариан Урдабаева пен Ажар Салықова арасындағы жекпе-жек алғашқысының сенімді жеңісімен аяқталды. Есеп: 7-0. Осылайша, Қазақстан делегациясының қоржынына 70-ші, соның ішіндегі 42-ші қола медаль түсті. 

Мариан бүгін іріктеуде Моңғолия және Филиппин спортшысынан айласын асырғанымен, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан келген қарсыласына 2-9 есебімен жол жіберді.

Мариан Урдабаеваны қазақ жанкүйерлері дзюдошы ретінде де жақсы біледі. Ол 2010 жылғы Гуанчжоудағы Азиадада дзюдодан 70 кг дейінгі салмақта бақ сынап, қола жүлде үшін белдесуде қарсыласына есе жіберген. Ал 2014 жылы Инчхонда жекелей (63 кг) және командалық сында қола жүлдеге ие болған. Тәжірибелі спортшы дзюдодан 2016 жылғы Азия чемпионы (Ташкент, 63 кг), 2 дүркін қола жүлдегері (Кувейтте 2007 және 2015 жылы). 

Ал джиу-джитсудан әлем чемпионатында 2 мәрте үздік үштікті түйіндеп, 2021 жылы Абу-Дабиде өткен Азия чемпионатында күміс медальге ие болған.