Медицина мамандары шеруге шықты

Медицина мамандары шеруге шықты
Сурет видео скрині

АҚШ-тың 7 штаты мен Колумбия округіндегі медицина мамандары шеруге шықты.

Наразылық акциясына 80 мыңға жуық адам қатысты. Олар жәрдемақыны өсіруді, кадр тапшылығы мәселесін шешіп, жалақыны 40%-ке көтеруді талап етті. Медицина қызметкерлері алдағы 3 күн бойы шеруге шығуды жоспарлап отыр.