Қазақстан – хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуден екі үміткердің бірі

Қазақстан – хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуден екі үміткердің бірі
сурет:olympic.kz

Норвегия хоккей қауымдастығы доданы өткізуден ресми түрде бас тартқан.

Норвегия шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы өтінішін қайтып алды, үміткерлер – Германия мен Қазақстан, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz forbes.kz сілтеме жасап.

Норвегия хоккей қауымдастығы доданы өткізуден ресми түрде бас тартқан. Мұндай шешім Норвегия үкіметі тарапынан қаржы бөлінбеуіне байланысты қабылданған.

Норвегия бұдан бұрын шайбалы хоккейден 1999 жылғы әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Германия мен Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын иелену жолындағы күресті жалғастырады. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы аталған біріншіліктің иесін 2023 жылғы мамыр айында өтетін конгресінде анықтайтын болады.