Еліміздің бір өңірі ғана «сары» аймақта

Еліміздің бір өңірі ғана «сары» аймақта
Сурет: 24.kz

Қалған аймақтар мен ірі қалалардың барлығы «қызыл» белдеуде тұр.

2021 жылғы 10 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта тек Түркістан облысы тұр.