Қазақстан бойынша жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау 4,7%-ға өсті

Қазақстан бойынша жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау 4,7%-ға өсті
Сурет: Rail-news.kz

ҚТЖ желісіндегі тиеу 2024 жылдың қаңтар айында 20,2 млн тоннаны құрады.

Ел ішінде теміржол көлігімен тасымалдау 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% артып, 13,2 млн тоннаға жетті. Экспорт 7 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан теміржолшысы» басылымына сілтеме жасап. 

ҚТЖ-ның негізгі әлеуметтік жүктері – тас көмірді тиеу көлемі – 9 млн тоннаны құрады, ел ішінде 6,5 млн тоннадан астам.

ҚТЖ желісінде екінші әлеуметтік жүк – астықтың 720 тоннадан астамы тасымалданды, оның ішінде экспорт - 560 мың тонна.

Мұнай жүктері 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 4,8% көп тиеліп, 1,6 млн тоннаға жетті. Экспорт 34,7%, яғни 490 мың тоннадан астамға өсті. Ел бойынша қара метал тасымалы 33,6% артты. Химиялық тыңайтқыштарды тиеу 10,3% өсті. Экспорт 71%, 127 мың тоннаға дейін көбейді.

Сондай - ақ, темір және марганец кендерін тиеу бойынша оң динамика байқалады – плюс 30,7%, 1,5 млн тоннаға дейін, түсті кен – плюс 22%, 1,9 млн тоннаға дейін. Есепті айда құрылыс жүктерін тиеу 687 мың тоннаны құрады.