"e-Gov" порталында салық декларациясын тапсыруға болады

"e-Gov" порталында салық декларациясын тапсыруға болады
Сурет: Gov.kz

Декларацияны электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды.

"Электрондық үкімет" порталында (Е-gov.kz) "Кеден және салықтар", "Салық салу" бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Салық кодексінің 633-бабына сәйкес, кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодексінің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша ұсынады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.