ҚР Денсаулық сақтау министрі Тараздағы апаттан зардап шеккендердің жағдайын білді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Тараздағы апаттан зардап шеккендердің жағдайын білді
Сурет: Stan.kz

Алексей Цой жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын өз көзімен көрді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Таразда болып, жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын көрді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Министр қалалық ауруханада болып, науқастар жатқан палаталарды аралады. Министр медициналық көмек көрсетуде ешқандай қиындықтың болмайтынын, қолдан келгеннің барлығы жасалатынын айтты. Қазір Тараз қаласындағы ауруханада төтенше жағдай кезінде жараланған 37 адам жатыр. Оның бесеуі – жансақтау бөлімінде. Екі науқастың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.  

«Медициналық көмекке 98 адам жүгінді. Оның 28-ін ауруханаға жатқыздық. Қалғандарына жарақат бөлімінде тиісті көмек көрсетілді. Көбінің жағдайы тұрақты. Қазір ауруханада жатқандарға көмек барынша көрсетіліп жатыр», - деді Алексей Цой.