Kazakh Tourism 1,5 миллиард қаржыны тиімсіз пайдаланған

Kazakh Tourism 1,5 миллиард қаржыны тиімсіз пайдаланған
Сурет: ашық дереккөз

Жоғары аудиторлық палата «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Тексеру нәтижелері Қазақстанның туризм саласының дамуына, сондай-ақ акционерлік қоғам қызметінің тиімділігіне әсер ететін жекелеген жүйелік
кемшіліктер мен бұзушылықтардың бар екенін көрсетті. Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды бірнеше рет әртүрлі министрліктер мен ведомстволарға беру (20 жылда 8 рет) туризм саласын дамытуда жүйелілік пен сабақтастықтың болмауына әкелді. «Туристік қызмет туралы» Заңда көзделген туризм бағыттарының 22 түрінің ішінде туристік объектілердің 80% құрайтын 4 бағыт (экотуризм – 34%, мәдени-танымдық – 29%, аңшылық туризм – 9%, емдік-сауықтыру туризмі – 8%) қана әзірленуде.

Аудит қорытындысы көрсеткендей, саланың дамуын тежейтін негізгі себептер мыналар:

1) Министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасында өңірлік үйлестірудің болмауы (15 өңірде туризм саласындағы үйлестіруді жүзеге асыратын
салалық басқармалар жоқ). Осылайша, туристік бизнес субъектілеріне ақпараттың жетпеуіне байланысты, туризм саласын мемлекеттік қолдау шаралары
талап етілмеді және саланың дамуына әсер еткен жоқ. 2022 жылғы бюджетте бұл мақсаттарға 402,0 млн.теңге қарастырылды, оның 85,8 млн.теңгесі (21,3%)
ғана игерілді, оның ішінде:

«Әрбір шетелдік туристке туроператорлардың шығындарын субсидиялауға» жоспар  бойынша 54,7 млн. теңге көзделген, игерілгені – 5,8 млн.теңге (10,6%); «Авиакомпанияларға ішкі авиамаршруттарда балаларды тасымалдау ақысын өтеуге (100%) («KIDS GO FREE») жоспар бойынша 211,1 млн.теңге көзделген, игерілгені – 76,2 млн.теңге (36,1%); «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге» жоспар бойынша 136,3 млн.теңге көзделген, игерілгені – 3,7 млн.теңге (2,7%).

2) мемлекеттік органдар тарапынан туристік қызмет көрсететін субъектілердің стандарттарды сақтауына жүйелі бақылаудың болмауы. Бүгінгі таңда туризм саласында 90-нан астам стандарт қабылданғанымен, бұл стандарттарды сақтау бақыланбайды. Нәтижесінде ұсынылатын туристік қызметтердің сапасы талапқа сай емес және шетелдік туристердің кетуіне ықпал етеді.

3) қонақ үй туристік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы (2022 жылы орналастыру орындарының болуы 3970 құрайды, оның ішінде 130 орналастыру орны (3,3%) санаттарға жатқызылған, оның ішінде 52 санатталған орналастыру орындары курорттық аймақтарда) орналастыру орындарына негізсіз жоғары бағаларды туғызады.

4) интернеттің және туристік қызметтерді цифрландырудың төмен деңгейі (интернет желісіне қосылған объектілер – 76,2%, халықаралық онлайн брондау
жүйелеріне интеграцияланған – 22,6%). Қашықтықтан брондау және төлем жасау мүмкіндігінің болмауы туристке орналастыру шарттарымен танысуға және саяхат
бағытын жоспарлауға мүмкіндік бермейді.

Жалпы, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 558,6 млн.теңгеге бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, оның ішінде:

- 919,4 млн.теңге сомаға активтерді тиімсіз пайдалану;

- 546,9 млн.теңге сомаға бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

- қызметтердің құнын асыра бағалау – 76,7 млн.теңге;

- орындалмаған жұмыстар мен қызметтердің көлемі – 11,3 млн.теңге;

- негізсіз төленген жалақы – 4,3 млн.теңге;

Аудит барысында бюджетке 88 млн теңге өтелді, кәсіпорын кірісіне 1,3 млн теңге қалпына келтірілді, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану
үшін Туризм және спорт министрлігінің вице-министріне қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚтК-нің 234-1 бабы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.

Дер кезінде ден қою, алдын алу мақсатында және бюджеттік және өзге де заңнама бұзушылықтарының алдын алу, жүйелік шығысыларды жою,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар берілді, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігіне, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне
және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға тапсырмалар берілді.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі