Қазақ ұлттық университетінде керемет кеш өтеді

Қазақ ұлттық университетінде керемет кеш өтеді

Алматыда 7 қыркүйек күні сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы, дипломат, Орталық Азия тарихы мен мәдениеті жөніндегі кітаптардың авторы Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға отандық және алыс-жақын шетелдерден 100-ден астам ғалым-зерттеушілер шақырылған, сонымен қатар жазушылар, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің басшылары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конференцияда Мұрат Әуез елеулі үлес қосқан «Жас тұлпар» қозғалысы, «Невада-Семей» қозғалысы туралы мәселелер, ұлттық кинемотографиядағы «Жаңа толқынның» қалыптасу мәселелері, «Жібек жолы бойындағы сұхбаттар» жобасы, Қытайдағы елші ретіндегі дипломатиялық қызметі, «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырудағы еңбегі, Қазақстан тарихына, әдебиеті мен мәдениетін терең зерттеген еңбектері баяндамаларға арқау болып, жекелеген сессияларда талқыланатын болады.