Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылды

Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылды
Сурет: Ulysmedia.kz

15 ақпанда өзбек-қазақ шекарасындағы "Сырдария" және "С.Нажимов" кеден бекеттері арқылы азаматтарды, көліктерді және жолаушылар көлігін өткізу уақытша тоқтатылды.

Өзбекстан кеден комитетінің мәліметінше Қазақстан "Атамекен" ("Сырдария") және "Қазығұрт" ("С.Нажимов") өткізу бекеттерінде қайта жөндеу жұмысын жүргізбек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталған бекеттер арқылы 3,5 тоннадан аспайтын жүк көліктері ғана өте алады.

Азаматтарға балама ретінде тәулік бойы жұмыс істеп тұрған "Гишткуприк" және "Яллама", сонымен бірге күндіз істейтін "Малик" және "Ок Олтин" өткізу бекеттері арқылы өту ұсынылған.

Қазақстанның ресми орындары ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Былтыр қазанда қазақ-өзбек шекарасындағы "Қапланбек" ("Науаи") бекеттері 19 айға жабылатыны хабарланған. Ол кезде бұған бекеттерді жаңарту және жабдықтау жұмыстары себеп болғаны айтылған.